
29 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Б. Сапановтың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторлардың қызметін ұйымдастыру және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.
Шығыс Қазақстан облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.