
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспар аясында 2023 жылдың 28 наурызында қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстағы білім беру ұйымдарының тәлімгерлері, педагог-ұйымдастырушылары, кәсіптік бағдар беруші педагогтері үшін «Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі» облыстық онлайн семинарын өткізді.
Семинар барысында спикерлер жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері туралы айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарына жауап алып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Аталған іс-шараға Zoom платформасы арқылы 60 педагог қатысты.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Задаев О.Т.