«ББЖМ-ға дайындық барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» облыстық практикалық семинары

«ББЖМ-ға дайындық барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» облыстық практикалық семинары

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі демалыс мектебі аясында 2023 жылдың 24 наурызынды «ББЖМ-ға дайындық барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты практикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - бастауыш сынып   мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімдерінің жұмысымен таныстыру, тәжірибе алмасу.

Семинардың бағдарламасы негізінде Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері  И.А. Шатобина, А.А.Камоликова, Ю.В. Беспрозванных, А.Б.Джумажанова, А.Б.Малгаждарова, Е.А.Демчук, А.О.Алиева, Н.Б.Карибаева шеберлік сыныптарында ББЖМ-ға дайындық барысында математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығы және  математикалық (логикалық ойлау) сауаттылығын дамыту жүйелерін көрсетті.

Семинар соңында  кері байланыс  ұйымдастырылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды.