2023 жылдың 24 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Үздік педагог-2022» республикалық байқауы жеңімпаздарының қатысуымен «Үздіктен үйрен!» облыстық семинар-практикумын Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ базасында өткізді.
Аталған іс-шараға 90-нан астам Ұлан ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептер мен облыстың білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдер қатысты.
Семинардың пленарлық отырыс барысында электронды портфолио арқылы педагог тәжірибесін көрсету, бейнеролик дайындауда иллюстрациялық материалдарды шебер пайдалану, сабақ мақсатына сай әдіс-тәсілдерді дұрыс жоспарлау бағытында «Үздік педагог» атағының иегерлері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімі 4 секция жұмысымен жалғасты.
- ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанахметова Толқын Амангельдиновна «Сабақта электронды ресурстарды тиімді пайдалану».
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Чекетаева Роза Саркытбекқызы «Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері мен аспектілерін дұрыс қолданудың тиімділігі».
- Оразбаева Жанар Шайкеновна ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ информатика пәнінің мұғалімі «Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану жолдары».
- Боранбаева Жанар Камановна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі «4К моделін сабақ барысында қалыптастыру жолдары».
- Мельникова Наталья Васильевна ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі «Оценка и оценивание».
- Жексембинова Гульназ Биржановна ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Бозанбай орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі «Активные методы обучения» - как способ повышения эффективности урока».
- Болатқызы Жадыра ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 45 бейінді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі «Конкурстық сабақтың дидактикалық жабдықталуы».
- Жумагулова Акмарал Бакытбековна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі «Оқу мақсатына жету арқылы нәтижелі білім беру» бойынша ұйымдастырылған секцияларда шебер-сыныптар өткізілді.
Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Семинарды ұйымдастырғандар: Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттілігін дамыту кабинетінің меңгеруші Кенжебаева Алма Тлеухановна, әдіскер Даурембаева Акмарал Канагатовна.