«Мектептің зияткерлік ортасын қалыптастырудың қажетті шарты ретінде жаратылыстану-математикалық бағыт педагогтерінің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру» семинар-практикумы

«Мектептің зияткерлік ортасын қалыптастырудың қажетті шарты ретінде жаратылыстану-математикалық бағыт педагогтерінің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру» семинар-практикумы

2023 жылғы 20 наурызда ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ШҚО ББ  «Облыстық математика,  физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ базасында «Мектептің зияткерлік ортасын қалыптастырудың қажетті шарты ретінде жаратылыстану-математикалық бағыт педагогтарының педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

 Панельдік секциялардың жұмысы аясында «Пәндік дағдылар», «Пәндік білімді тереңдету», «Пәннен тыс дағдылар» шеберлік сабақтары өткізілді, қорытындылау барысында «Мұғалімнің эмоционалды интеллектісі психологиялық қауіпсіз ортаны құру шартының бірі» тренингісі ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинар-практикум материалдары аудандық/қалалық білім бөлімдеріне жіберілді.

Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептерінің ЖМБ бағытындағы 30 мұғалім қатысты.

Жауапты: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері Желпакова Айгуль Халелевна.