7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша жасөспірімдер  олимпиадасының қорытындысы

2023 жылдың 14 наурызында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі  өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және  олимпиада резервін құру.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 300-ге жуық оқушысы қатысты.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.