Наурыз мейрамына арналған аптаның қорытындысы бойынша шолу

Наурыз мейрамына арналған аптаның қорытындысы бойынша шолу

Облыс аумағында 13 наурыздан бастап барлық оқу орындарында Наурыз мейрамының ауқымды мерекесі басталды!!!
Барлық іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, қоршаған әлемге ұқыпты қарауды және қарт адамдарға қамқорлықты қалыптастыруға бағытталған.
Барлық жерде «Қайырымды Ұлт», «Жақсылық керуені» акциялары өтті, оның аясында 3000 волонтерлік жасақ мүшелері ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға аулаларды қардан тазартуға және аумақтарды тазалауға көмек көрсетті.
Іс-шараларға ата-аналардың да балалармен белсенді қатысқаны қуантады. «Отбасы - бақыт мекені» отбасылық жарысы айналасына 700 отбасы жиналып, бірге көңілді ұлттық ойындар ойнады.
Домбыра ойыны челленджін өткізу кезінде мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, колледждерде мерекенің ерекше атмосферасы орнады. 11 мыңнан астам білім алушылар мен студенттер баршаның сүйікті ұлттық аспабында өздерінің виртуоздық шеберліктерін мақтанышпен көрсетті.