Әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирінің қорытындысы

Әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирінің қорытындысы

2023 жылғы 16 наурызда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және  ШҚО төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтық арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Турнирдің бағдарламасы келесі қашықтықтарды қамтиды:

- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

- Аралас эстафета (командалық жарыстар).         

Іс-шараға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының, жас құтқарушылар клубтарының 36 курсанттарын қамтитын 6 команда қатысты.   

Облыстық турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орын Өскемен қаласы білім басқармасының № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы командасы;

II орын Өскемен жоғарғыполитехникалық колледжі командасы;

III орын Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырған мектеп-интернат-колледжі командасы.

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!