Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар басталды

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар басталды

«Наурыз мейрамы» көктемгі мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 12 наурызынан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар басталды. 10 күн ішінде ұлттық мерекені насихаттауға бағытталған түрлі тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қайырымдылық және тақырыптық акциялар, суреттер мен фотосуреттер конкурстары, зияткерлік сайыстар, шеберлік сыныптары, спорттық ойындар, кураторлық сағаттар және т.б. өткізу жоспарланған.

Әр күнді өткізу белгілі бір әдет-ғұрыппен, дәстүрмен байланысты болады. Мысалы «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Жоралғы күні», «Ұлттық тағамдар күні» және т.б.

Алғашқы күндері «Көрісу күні» онкүндігінің ашылуы өтті, шығармашылық сағаттар өткізілді, келісім мен толеранттылықты насихаттауға, тәрбиеленушілерде Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтаралық бірлік пен Қазақстан халықтарының келісімін тәрбиелеуге бағытталған концерттік нөмірлер, әндер мен билер ұйымдастырылды.