«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі»  республикалық байқауының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 14 наурыз-11 сәуір аралығында республикалық «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі-2023» байқауының облыстық кезеңін қашықтан өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтерді анықтау және қолдау, педагогикалық еңбектің беделін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату.

Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең-іріктеу аудандық, облыстық кезең 2023 жылғы 11 сәуірге дейін;

II кезең-финалдық республикалық кезең 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін өткізіледі.

Байқаудың облыстық кезеңі 2023 жылдың 11 сәуір күні, қашықтан өтеді.

Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы.

Жауапты: Ардақ Құрманғазықызы Кубентаева, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері 87773825029, 8/7232/742550