«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» облыстық семинар-практикумы

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»  облыстық семинар-практикумы

2023 жылдың 10 наурызында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыстағы білім беру ұйымдарының директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылар, аға тәлімгерлер және сынып жетекшілері үшін мемлекеттік тілде «Ұлттық құндылықтар – тәрбие түп қазығы» облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинар мақсаты - ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ-нің ұлттық құндылықтарды оқушылардың санасына сіңіру бағытындағы жұмыс тәжірибесін жалпылау.

Семинарға қатысушыларды мектеп оқушыларынан құралған «Шығыс сазы» домбыра оркестрі қарсы алды. Қонақтар «Қолөнер-дәстүрдің жалғасы» көрмесін тамашалады.

Іс-шара барысында Өскемен қаласының «№45 орта бейіндік мектебі» КММ педагогтары оқушылармен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша:

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері - Куатов Айдын Қалиқанұлы, Унасов Оралбек Муратканович, Абуюров Бауржан Женисбекович «Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» атты ұлттық ойындарын ұйымдастырды;

Бастауыш сынып мұғалімдері - Рамазанова Гульназий Наймангазыновна, Абраимова Гульжанат Каликановна «Ұрпақтар сабақтастығы-біздің басты мұрамыз» атты өнеге сабағын өткізді;

Бастауыш сынып мұғалімдері - Дусупова Сындар Сағатбековна, Темиргалиева Аян Кумарбековна «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту-ұрпақ парызы» тақырыбында сынып сағатын өткізіді;

Елғазықызы Асель, бастауыш сынып мұғалімі «Ұлттық құндылық-ұлтымыздың ұлы мұрасы» тақырыбында сынып сағатын өткізіді;

Халелова Акерке Оралбековна, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі «Ұлтты киім-ұрпаққа мұра» тақырыбында сынып сағатын өткізіді;

Уркунчинова Назгуль Маркленовна, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі «Атымды адам қойған соң» тақырыбында сынып сағатын өткізіді;

Канапина Асель Альмухановна, бастауыш сынып мұғалімі «Отбасы-рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында ата-ана жиналысынан шеберлік сабағын өткізді;

Есенбаева Шолпан Закарияновна, тарих пәні мұғалімі «Ұлттық киім үлгісін насихаттау арқылы қазіргі жастардың рухани мәдениетін көтеруге болады» тақырыбында дебат клубының көрсетілім сабағын өткізді.

Кері байланыс барысында семинарға қатысушылар мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде оқушылардың ұлттық тәрбиесінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, ұйымдастырушыларға ұсынылған жұмыс тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Задаев О.Т.