Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп ашылды

Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп ашылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және балалардың мектептерде білім алуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, бүгін 6 наурызда Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп ашылды. Соңғы 6 айда бұл облыста ашылған 4-ші жаңа білім беру мекемесі.

Мектеп жаңа оқу жабдықтарымен жабдықталған, 26 оқу кабинеті, 4 шеберхана, асхана, акт залы, заманауи кітапхана, спорт залы және жаттығу алаңы бар. 126 компьютер мен 26 интерактивті панель сатып алынды.

Оқушылардың толыққанды және үйлесімді дамуы, педагогтердің жемісті еңбегі үшін барлық жағдайлар жасалған.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов атап өткендей, Ұлан ауданы бүгінде қарқынды дамып, жас отбасылар үшін тартымды болып отыр. Өткен жылдың өзінде аудандағы бала саны 12% - ға өскен.

Сондықтан кентте 600 орындық тағы бір мектеп салу туралы шешім қабылданды!

2025 жылға дейін облыста 6800 орындық тағы 17 мектеп салынады, оның ішінде 2023 жылы 3 мектеп.