Облыстық оқыту семинары «Әдістемелік консалтинг педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру тәсілі ретінде»

Облыстық оқыту семинары «Әдістемелік консалтинг педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру тәсілі ретінде»

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 12 наурызында ШҚО Глубокое ауданының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ базасында «Әдістемелік консалтинг педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру тәсілі ретінде» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: жалпы білім беретін мектеп педагогтарының кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша басшылардың құзыреттілігін арттыру.

Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 50 басшысы қатысты.

Семинарға қатысушыларға ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының орынбасары Исаев Аркадий Анатольевич, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Старенкова Елена Васильевна және Глубокое ауданы ББ басшысы Қабидуллақызы Жанар құттықтау сөз сөйледі.

Семинар аясында келесі тақырыптарға 4 сессия ұйымдастырылды:

«Жобалау-желілік модель тиімді менеджменттің заманауи тәсілі ретінде», «Жоба – мұғалімдер мен оқушылардың құзыреттілігін жеке-бағытталған дамытудың интегративті құралы», «Инклюзивті білім беру: проблемалар мен перспективалар», «Әлеуметтік жобалар мектептегі тәрбие жұмысының құралы ретінде».

Сессиялардың жүргізушілері өз тәжірибесін, әдістемелік материалдардың соңғы әзірлемелерін және «№1 Белоусовка орта мектебі» мектеп қауымдастығының барлық буындарының жобалық-желілік жұмыс моделін ұсынды.

Педагогтердің, оқушылардың, мектеп әкімшілігінің зерттеу қызметі, педагогтардың баспа тәжірибесі, олимпиада резервімен жұмыс істеу саласындағы қызметінің нәтижелілігі, жас мұғалімдердің жетістіктері ерекше назар аударуға тұрарлық.

«№1 Белоусовка орта мектебінің» директоры Карибаева Мархаббат Камельханқызы семинарға қатысушыларға "тиімді мектептің инновациялық моделі» практикумын өткізді.

Қонақтардың инновациялық үлгілері, ұйымдастырушылардың және семинарды жүргізушілердің білім беру менеджментінің тиімділігі бойынша ұсыныстары ынтымақтастық, шығармашылық, жалпы мақсаттар, жаңа идеялар – мектеп жұмысын ұйымдастырудың перспективалы моделінің негізі екенін тағы да растады.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, қорытынды жасады.