«Үздік Жеңіс сабағы» облыстық байқауы

«Үздік Жеңіс сабағы» облыстық байқауы

2020 жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Үздік Жеңіс сабағы» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресінде Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы тарихи сауаттылықты арттыру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

«Үздік Жеңіс сабағы» облыстық байқауы:

- мектеп педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру;

- дарынды педагогтарды анықтау және оларды қолдау, үздік оқу-әдістемелік әзірлемелерді ынталандыру және оқу- тәрбие үрдісінде тарату;

- патриоттық білімді дамыту және нығайту бойынша мұғалімдердің креативті қызметін жетілдіру.

Байқау комиссиямен облыстың қалалары мен аудандарының білім беру ұйымдарының 34 ұстазының жұмыстары қаралды. Мұғалімдер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған оқушылар үшін сыныптан тыс шаралардың жеке әдістемелік әзірлемелерін, сабақ жоспарларын ұсынды.

Комиссия шешімі бойынша байқау жеңімпаздары:

І орын – Райстанова Перизат Каримхановна, Семей қаласы, «№16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;

ІІ орын – Имашева Назым Оралхановна, Шемонаиха ауданы, «Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ;

ІІ орын – И.Б. Арзамасова, Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ место – Суворова Галина Викторовна, «Курчатов қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ;

ІІІ орын – Аязбаева Сандугаш Кабийдоллаевна, Жарма ауданы, «В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ;  

ІІІ орын – Волова Людмила Васильевна, Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ.

«Үздік Жеңіс сабағы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша жинақ ШҚО білім басқармасының білім беру порталында жарияланады.