
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас ұстаздың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 1-3 наурызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтілі 0-5 жылды құрайтын жас мұғалімдердің арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.
Аталған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 100-ден астам жас ұстаз қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, кәсіби іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарымыз жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
Атап айтқанда:
І орын иегері- Бақыт Жаннұр Бақытқызы, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі.
Үздік педагогикалық идеяларымен ерекшеленген жас педагогтер:
Сағимоллаев Мақпират Манатұлы, Боранбаев Бақ-Дәулет Қазбекұлы, Байжуманова Аяужан Бақытжанқызы, Табыс Гүлжаз, Бауыржан Айтолхын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы грамоталарымен марапатталды.
Республикалық олимпиада мәресінде жеңімпаз болған жас ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!