«Үздік жыл психологі-2023» республикалық байқауының қорытындысы

«Үздік жыл психологі-2023» республикалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында «Shera Inn Hotel» қонақ үй базасында білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғауға облыстық турдың 6 жеңімпазы:

1) Қабдрахманова Гүлдәнә Жәйләубекқызы, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» КММ педагог-психологі - 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер категориясы;

2) Жомартқанова Мөлдір Талғатқызы, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Д. Қонаев атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі -  3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер категориясы;

3) Садвакасова Марал Омурзаковна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 орта мектебі» КММ педагог-психологі 7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер категориясы;

4) Анакулова Меруерт Мұхтарқызы, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қайынды негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологі 7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер категориясы;

5) Журтбаева Маржан Канатбековна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ педагог-психологі 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер категориясы ;

6) Третьякова Ольга Витальевна, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер категориясы бойынша қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық «Жылдың үздік психологі-2023» байқауының I дәрежелі дипломымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ педагог-психологі Журтбаева Маржан Канатбековна;

ІІ дәрежелі дипломымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 орта мектебі» КММ педагог-психологі Садвакасова Марал Омурзаковна марапатталды.

«Қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» грамотасымен Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» КММ педагог-психологі Қабдрахманова Гүлдәнә Жәйләубекқызы; Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Д. Қонаев атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі Жомартқанова Мөлдір Талғатқызы; Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қайынды негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологі Анакулова Меруерт Мұхтарқызы; Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Третьякова Ольга Витальевна марапатталды.

«Жылдың үздік психологі» республикалық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!