
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылдың 3 наурызында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Байқаудың іріктеу турына облыстың аудандары мен қалаларынан және облыстық білім беру ұйымдарынан 58 педагог қатысты. ІІ турда іріктеу кезеңінен өткен 18 педагог өз авторлық жұмыстарын қорғады. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтады:
І орын – Стеблецова Ирина Станиславовна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
ІІ орын – Кадирова Зина Кадирқызы, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – Левыкина Наталия Викторовна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – Кадырбаева Меруерт Амангельдыевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
ІІІ орын – Жагыкпанова Майра Даукеновна, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын – Марухина Анна Викторовна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 11 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Лапина Анастасия Владимировна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Татманова Асига Акашевна, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі.
Байқаудың жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, қатысушыларға сертификат табысталды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттілігін дамыту кабинетінің меңгеруші Кенжебаева Алма Тлеухановна, әдіскер Даурембаева Акмарал Канагатовна.