
2023 жылғы 2 наурызда Риддер қаласында «Риддер колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының кезекті кеңесі өткізілді.
Отырыстың тақырыбы: «Жас Маман» жобасы аясында студенттердің жеке басының кәсіби дағдыларын қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру.
Отырыс барысында колледж директорлары Құзыреттілік орталығының базасымен, шеберханаларды жабдықтаумен танысты. Риддер колледжінің басшысы С. А. Асқаров студенттің бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Жұмыс беруші «Казцинк» ЖШС гидрометаллургиялық цехының бастығы К.С. Донцов отырысына қатысып, білікті кадрларды даярлау үшін әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығы туралы айтты.
Директордың орынбасарлары студенттерді жан-жақты дамыту және тәрбиелеу қажеттілігіне назар аударды.
Сондай-ақ, отырыста білім басқармасы басшысының орынбасары А.А. Ақылбек көтерген ТжКБ жүйесі бойынша өзекті мәселелер айтылды.
Риддер колледжінің еріктілері өткізген жаңа форматы бойынша тренингі ерекше болды. Колледж басшылары әртүрлі ситуациялық мәселелерді шешуде өз күштері мен білімдерін сынап көрді.
Директорлар Кеңесі өнімді өтті, басшылар пікір алмасып, сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.