«Әлеуметтік-психологиялық қызметтің оңтайлы формалары мен әдістерін іздеу» республикалық вебинары

«Әлеуметтік-психологиялық қызметтің оңтайлы формалары мен әдістерін іздеу» республикалық вебинары

ҚР Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институты 2023 жылдың 2 наурызында «Әлеуметтік-психологиялық қызметтің оңтайлы формалары мен әдістерін іздеу» тақырыбында вебинар өткізді.

Шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 400 ден астам педагогі және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері А.К. Кубентаева қатысты.  

Вебинар барысында ҚР Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институтының ғылыми әдіскері Е.М Аязбаева «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру негіздері» тақырыбында баяндама жасап, мектептегі психологиялық қызмет туралы айтылды..   

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері А.К. Кубентаева «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру жолдары» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісе; ШҚО ББ Өскемен қаласының «№15 орта мектебі» КММ педагог-психологі Беккалиева Гаухар Еркиновна, «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында іс-тәжірибесін таратты.  

Шара соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді. 

 Барлық қатысушыларға институттың сертификаты табысталды.