Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы

Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау бойынша жұмыстар сәтті жүргізілуде. 2019 жылдан бастап облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің тапсырмасы бойынша қолдауға мұқтаж отбасылардың балалары облыстық бюджет есебінен балабақшаларға тегін барады. Барлығы төрт жыл ішінде бұл мақсаттарға 798,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 3185 бала тегін балабақшаларға барады.

Көп балалы ата-аналарда балабақшаларда тамақтану ақысынан толығымен босатылды. Осындай отбасылардың бірі - Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында тұратын Елубаевтар отбасы. Отбасыда сегіз бала бар, көп балалы ана - Хамзина Ақмарал Сайрамбекқызы - "Алтын алқа" иегері.

Үлкен балалары облыс орталығында тұрады: қызы Жансая қызметте, ұлы Ерасыл облыстық дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ортаңғылары - Еркебұлан, Әділет пен Әли - Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте оқиды, ал кішілері - Нәби мен Әміре, Жұлдыз –"Жасұлан"балабақшасына барады.

Отағасы Елубаев Аслан Тоқтарбекұлы да көп балалы отбасында дүниеге келген, оныншы бала, қазір мал шаруашылығымен айналысады. Ақмарал Сайрамбекқызы - көп балалы отбасының тұңғышы - әдепті, қарапайым, сыпайы және өте көпшіл адам. Ол "Жасұлан" балабақшасының ата-аналар комитетінің төрағасы, белсенді ата-аналардың бірі, балаларын тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарайды.

Айта кету керек, мемлекеттің қаржылық қолдауы балаларды өз үлгісімен тәрбиелеп, оларға амандық сыйлайтын еңбекқор әкесі мен қамқор анасы үшін үлкен көмек болып табылады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз Ақмарал Сайрамбекқызын және барлық аналарды мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, және  әр анаға «ана бақытын» тілейміз.