
2023 жылғы 1 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес «ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Тарбағатай, Катонқарағай және Алтай аудандарының 19 мектебінің директорлары мен орынбасарларына білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізуге дайындау және өткізу бойынша облыстық онлайн-семинар өткізді.
Мақсаты – «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР ОАМ 05.01.2022 жылғы №486 бұйрығына сәйкес білім беру қызметін өзін-өзі бағалау кезінде білім беру ұйымдарының құжаттарын түсіндіру және дайындау.
Семинар барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Зиябекұлы Камбетов қатысушыларды білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауға дайындаудың негізгі бағыттары және өлшемдерімен таныстырды.
Жалпы ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің тармақтары түсіндірілді:
Семинар соңындағы кері байланыста спикер қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.