1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз, көктемнің бірінші күні елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн игі істер жасап, мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық танытқан адамдарға алғыс пен ризашылық білдіру күні, сондай-ақ адамдарды отбасыларына, жақындарына, достарына, әріптестеріне және көршілеріне қамқорлық жасауға шақыратын күн.

Алғыс айту күнін мерекелеу үшін 2023 жылғы 22 ақпан 1 наурыз аралығында облыстың барлық 342 мектебінде іс-шаралар өткізілді, оған 96488 оқушы қатысты.

Мектептердің әлеуметтік желілерінде Алғыс айту күніне арналған «Алтын жүрек» челленджі іске қосылды, онда оқушылар ата-аналарына, мұғалімдеріне, туыстары мен достарына сүйіспеншілік пен тілектерін білдірді.

Сондай–ақ, білім беру ұйымдарында волонтерлік қозғалыстармен «Қамқорлық», «Тимуровец» акциялары өткізілді – бұл оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара іс-қимылына ықпал ететін және командада жұмыс істеудің және басқа адамдарға көмек көрсетудің құнды тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін бастама.

Сонымен қатар, облыстың барлық мектептерінде ата-аналарға алғыс пен ризашылықтың белгісі ретінде «Ата-ана - алтын тұғырым!» атты суреттер, фотосуреттер және қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Мен елім үшін не істей аламын» тақырыбында эссе сайысы балаларға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, достықтың құндылығын бағалауға және т.б. мүмкіндік береді.