«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша жұмысты ұйымдастыру» облыстық оқыту семинары

«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша жұмысты ұйымдастыру» облыстық оқыту семинары

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), «Шығыс-адалдық алаңы» жобалау офисімен бірлесіп, 2020 жылдың 13 наурызында мектеп директорларына арналған «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарға 2019 жылы директор лауазымына тағайындалған 24 мектеп және колледж директорлары қатысты.

Семинар модераторы ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Байжанова Айгүл Оралғазықызы семинар қатысушыларын білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Жұмыстың басым бағыттарының бірі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Білім басқармасы «Шығыс – адалдық алаңы» жобасын іске асыруға белсенді қатысады және жұмысты төрт негізгі бағыт бойынша жүргізеді:

- білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғалары, педагогтер, оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру;

- ашықтық және қоғамдық бақылау;

- сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Ақша қаражатын заңсыз жинауды жою мақсатында демеушілік есеп-шот ашылған, мектеп және колледж директорлары ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін дербес жауапкершілік туралы құжатқа қол қойылды, сонымен қатар мектептерде «Адал ұрпақ» балалар ерікті клубы жұмыс істейді. «Ашық мектеп - ашық бюджет» жобасы әзірленген, онда мектеп бюджеті туралы, бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуы туралы барлық қажетті ақпарат жұртшылық үшін қолжетімді нысанда сайтта орналастырылған. Осы жобаны жүзеге асыру бойынша Өскемен қаласының «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Чернышова Инесса Александровна өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО Департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Набиев Ренат Байсарыұлы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары туралы сөз сөйледі.

ШҚО әкімінің кеңесшісі , «Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Березинская Елена Николаевна тыңдаушыларды жобаның негізгі миссиясымен және негізгі бағыттарымен, амбассадорлармен, жобаның стейкхолдерлерімен және жобалық кеңсенің командасымен таныстырды. Елена Николаевна жұмыстың ашықтық және парасаттылық қағидаттарында жобалық менеджмент негізінде құрылатынын атап өтті.

Ұжымдағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі, әсіресе жарты жыл бұрын тағайындалған басшылар үшін еңбек қатынастарын сақтау болып табылады. Семинар жұмысына «Шығыс Қазақстан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ББ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Соколов Иван Николаевич қатысты, ол мектеп директорларын жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарының негізгі бұзушылықтарымен таныстырды және барлық қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі дегеніміз не? Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды қалай дұрыс және қандай бағыттар бойынша жүргізу керек? Осы бағытта жұмысты қалай бастау керектігі туралы «Шығыс - адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің менеджері Саримов Данияр Рыспекұлы мектеп директорларына не үшін және қалай өткізу керектігін түсіндірді . Тыңдаушыларға тәжірибелік материалдар ұсынылды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.