«Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылғы 27 ақпанында Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы ұйымдастырған «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Шығыс Қазақстан облысы ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері және педагогтері қатысты.

Мақсаты: ауыл мектептері озық практик педагогтерінің кәсіби шеберлігін, жетістіктерін білім берудің перспективалық бағыттарында көрсету.

Конференцияға ҚР Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, Эстония, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері, Алматы, Павлодар қалаларының жоғары оқу орындарының ғалымдары, ПШО тренерлері, педагогтер, облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттердің басшылары, республиканың барлық облыстарының әдіскерлері қатысты.

7 тақырыптық алаңда шағын жинақты мектеп жағдайында білім алушылардың оқу қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша үздік педагогикалық жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Қатысушылар ауыл мектебінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, оларды шешу жолдарын, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді, шағын жинақты мектеп жағдайында оқыту дағдыларын қалыптастыру бойынша инновациялық технологияларды қолдануды талқылады, сондай-ақ ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби даму деңгейінің мәселелері қаралды.

Шығыс Қазақстан облысынан Қатонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ директоры Тулегенова Гульжан Тулегенқызы «Ауыл мектебі» жобасы – мектептің табысты даму жолы» тақырыбында және ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ жас маман көркем еңбек пәнінің мұғалімі Хамитов Ерасыл Ержанатұлы «Ауыл мектебі жағдайында көркем еңбек пәнінде шығармашылық жобаларды жүзеге асыру» тақырыптары бойынша ауылдық мектептерде білім беру сапасын жетілдіруде инновациялық әдістер мен тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ауылдық мектептер қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.