"Мектептен қол үзбей қалай маман дипломын алуға болады?»

"Мектептен қол үзбей қалай маман дипломын алуға болады?»

Егер Сіз уақытты бағалайтын болсаңыз, егер Сіз кім болғыңыз келетінін шешсеңіз және болашаққа үлкен жоспарларыңыз болса – бұл мақала Сізге арналған!

 

Биылғы жылы бүкіл республика бойынша жаңа жоба – мектепте және колледжде 10-11 сынып оқушыларын бір мезгілде оқыту бойынша эксперименттік бағдарлама басталады.

Бұл жоба "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы" Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығымен бекітілген. Сондай-ақ оқыту жүргізілетін 16 жұмыс біліктілігінің тізбесі айқындалды.

Біздің облыста осы экспериментке 4 колледж қатысады: 3 Өскеменде және 1 Күршім ауданында. Олар: Өскемен құрылыс колледжі, "Квансон" Қазақстан-Корей колледжі, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі және "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі".

Жоба 2023-2024 оқу жылынан басталады, бір жарым жылға созылады. Топтар 9-сыныпты бітірген және осы жобаға қатысуға ниет білдірген оқушылардан құралады. Колледжде оқу тегін болады. Оқуға қабылдау әңгімелесу негізінде емтихансыз жүргізіледі.

Студенттер құрамына қабылдау кезінде үшжақты шарт жасалады: колледж – мектеп – ата-ана, бұл эксперимент нәтижесі үшін әр тараптың жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Көптеген адамдар, әрине, жүктеме мәселесіне алаңдайды. Сондықтан жалпы оқу жүктемесін реттеу мақсатында - колледжде оқу күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ бұл балалар үшін жеке білім беру бағдарламасы жасалады.

Егер Сізді осы жоба қызықтырса, онда 25 маусымнан бастап тілек білдірушілер құжаттарды тікелей колледжге немесе біздің ақпараттық жүйеміз vko-abiturient.kz арқылы тапсыра алады. Ол үшін 9-сыныпты бітіргені туралы аттестат, 3х4 - 4 фотосурет, 075-нысандағы медициналық анықтама ұсынып, қабылдау туралы өтініш жазу керек.

Бұл жобаның үлкен "плюс": оқуды аяқтағаннан кейін балалар қолына екі құжатты алады: мектепте аттестат және колледжде диплом, бұл оларға еңбек жолын бастауға мүмкіндік береді.

Бұл эксперимент біздің облыста сәтті жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Балалар, Біз сендерді күтеміз!

PS: Оқу-ағарту Министрінің бұйрығымен, алгоритмімен және біздің 4 колледж жобасына қатысатын мамандықтар тізімімен – ШҚО білім басқармасының сайтында "Кәсіптік білім" блогында ("Құжаттар"бөлімі) танысуға болады.