Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 23 ақпанда математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңіне 172 педагог қатысты, оның ішінде облыстық білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 17 математика пәні мұғалімі конкурстық негізде облыстық кезеңге өтті.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша:

І орын - Cтепаненко Илья Вадимович, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Берікұлы Аралбек, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп-балабақша кешені» КММ; Байгелов Аслан Жақсылықұлы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ;

ІІІ орын - Берлинова Галина Сенгалиевна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің  «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ.

Олимпиадаға қатысқан барлық педагогтерге қатысушы сертификаттары берілді.

Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан тұратын команда) ағымдағы жылдың 29-30 наурызында Ақтөбе қаласында өтетін математика пәні бойынша «Математикалық регата» республикалық олимпиадасына қатысады.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері.