ОБЛЫСТЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР

ОБЛЫСТЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспары аясында 2023 жылдың 17 ақпанында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім алушылардың дамуының негізгі шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – «№19 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ мұғалімдерінің ЖМБ пәндері бойынша білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу және облыс мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Облыстық практикалық семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, ассоциация жетекшілері және жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндері бойынша  55 мұғалім қатысты.

Семинар бағдарламасына сәйкес 1 – бөлімінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері:

Математика пәні мұғалімдері: А.С. Булашко «Решение системы линейных неравенств с одной переменной», А.В. Пестельняк «Площади четырехугольников и треугольников»;

Биология пәні мұғалімі М.В. Пономарева «Взаимодействие аллельных генов: полное и неполное доминирование признаков. Анализирующее скрещивание и его практическое значение»;

Химия пәні мұғалімі О.В. Очкина «Взаимосвязь между видами химической связи и типами кристаллической решетки» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді, сонымен қатар география, физика пәндері мұғалімдері О.С. Зиновьева, С. В. Копейкина «Флора и фауна родного края. Визитная карточка моего края» тақырыптарында практикалық сабақ көрсетті.

Шараның 2 – бөлімінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің биология, химия пәні әдіскері Н. Т. Капчикова «Формирование функциональной грамотности на уроках химии», ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК
өлкетану ғылыми экотуризм бөлімінің меңгерушісі Е. Н Куликова «Краеведческий аспект научного проектирования при формировании функциональной грамотности школьников» тақырыптарында шеберлік сыныптар ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар        аясында          математика пәні мұғалімі
В. В. Петрова «Из опыта работы учителей ЕМН, по реализации  формирования функциональной грамотности на уроках» баяндама жасап жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізілді. Іс-шараның маңыздылығы айтылып, әдістемелік ұсыным берілді.

Іс-шараға жауапты: Тұрсын Жұпар Ахметоллақызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология, химия, география пәні әдіскері.