
«Amanat» партиясының бастамашыл жобасын іске асыру шеңберінде балаларға арналған тегін IT-сыныптар және балалардың IT-бағытта дағдыларын дамыту мақсатында 2023 жылғы 16 ақпанда Күршім ауданында «Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі өткізілді.
Чемпионатқа 9 команда, 67 оқушы қатысты.
Чемпионат «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және спорттық робототехника бағыты бойынша «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Адымдаушы роботтар сумосы» және «Танк биатлоны» номинациясында өткізілді.
Барлық жеңімпаздар Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!