«2022-2023 оқу жылында «Математика», «Геометрия», «Физика», «Информатика» пәндері бойынша 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарының қорытындысы

«2022-2023 оқу жылында «Математика», «Геометрия», «Физика», «Информатика» пәндері бойынша 9-сынып оқушыларын  қорытынды аттестаттауға дайындау»  онлайн-семинарының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 9 ақпанда «2022-2023 оқу жылында «Математика», «Геометрия», «Физика», «Информатика» пәндері бойынша 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарын өткізді.

Мақсаты - негізгі орта білім берудің қорытынды аттестаттау емтихандары материалын әзірлеу жөніндегі талаптармен танысу.

Онлайн-семинарға «Математика», «Геометрия», «Физика», «Информатика» пәндері бойынша жұмыс топтарының мүшелері- 23 мұғалім қатысты.

Оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің әдіскері А.Х. Желпакова семинар тыңдаушыларына орта білім беру ұйымдарындағы 9 сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібі туралы нұсқаулығымен таныстырып, № 125 бұйрық бойынша шолу түсіндірмесін берді.

Сонымен қатар  негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған аталған пәндердің үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын қамтитын «Алгебра» және «Геометрия» пәндері бойынша, 5-9 сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын қамтитын «Физика», «Информатика» пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға тапсырмаларды дайындау ерекшелігін түсіндірді. Қорытынды аттестаттау тапсырмаларының нұсқаларын  жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер, арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін әзірлеу мысалын және балл қою сұлбасын  көрсетті.

Жұмыс тобының мүшелері  білім беру мазмұны жағдайында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін оқушыларды даярлауға арналған ұйымдардың түрлері бойынша тапсырмаларды құрастырудың практикалық бағытын анықтады.

Шара соңында А.Х.Желпакова қорытынды аттестаттау тапсырмаларын қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде пайдалану, әр сабақта ұқсас тапсырмаларды әзірлеу және енгізу, БЖБ және ТЖБ кезінде қолдану бойынша ұсыныстар берді.