Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерімен ШҚО білім беру ұйымының басшылары мен есепшілерімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерімен ШҚО білім беру ұйымының басшылары мен есепшілерімен кездесу өтті.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында «Zoom» онлайн платформасы арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдерімен Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымының басшылары және бухгалтерлерімен кездесу өтті.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары Асқар Арыстан Аскарұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығы туралы айтып берді, сондай-ақ профилактикалық әңгімеге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп жыл сайын білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларға мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты мекемелерде бухгалтерлердің бюджет қаражатын өздерінің жалақысы ретінде жеке шоттарына негізсіз аудару жолымен көрсетілген сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері анықталды.

Осы фактілер бойынша бюджет заңнамасын, бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын және ҚР Еңбек кодексінің нормаларын сақтауда жұмысты тиісті ұйымдастыруды қамтамасыз етпегені, сондай – ақ бюджет қаражатын жымқыру фактісін уақытылы анықтамағаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке білім беру ұйымының 2 қызметкері тартылды  («№46 «Огонек» балабақша-бөбекжай» КМҚК директоры Федотова Оксана Ивановна және әдіскер Фибих Татьяна Алексеевна). Келтірілген материалдық залалдың басты                           себебі мекеме басшылығы тарапынан бақылаудың болмауы, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін тиісінше орындамауы.

Осыған байланысты білім басқармасы басшысының орынбасары Маратұлы Нұртұған білім беру ұйымының басшыларына мекеменің, сондай-ақ қаржы блогының (бухгалтерияның) қызметіне бақылауды күшейтуді және тұрақты негізде жүргізуді тапсырды.