NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда

NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда

Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды

Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды.

Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы» атты өзекті бағдарламасын шартсыз сертификаттау.

Мюнхен қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Денис Рогов NIS-ті жаңаша танылуымен бірінші болып құттықтады.

ACQUIN бағдарламалық және институционалды аккредиттеу бөлімінің басшысы Ясмин Рудольф NIS-тің Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялағанын ерекше атап өтті. ACQUIN аккредиттеу бөлімінің үйлестірушісі Юлия Балакший сертификаттаумен жұмыс істеген ACQUIN-нің Швейцария мен Германиядағы сарапшылары өздерінің білім беру жүйелерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіби командасы дайындаған табысты шешімдерді енгізуге дайын екендерін жеткізді.

– Педагогикалық шеберлік орталығы қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде сыртқы сараптамаға арналған бағдарламаларды елімізде бірінші болып ұсынды. ACQUIN өкілдері Педагогикалық шеберлік орталығының барлық бағдарламалары шартсыз сертификаттаудан бірден өткенін айтты, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

 «Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды.

– NIS-тің мен үшін нағыз әлеуметтік лифтке айналып, үлкен мүмкіндіктер берген мекен екенін мақтанышпен айту үшін осындай тамаша сәтті күттім, – деп мойындады Hochschule Rhein-Waal студенті Амина Бақтиярова:

– Мен Өскемен қаласындағы Зияткерлік мектепке Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов атындағы қарапайым ауылдық мектептен түстім, ағылшын тілі мен химия пәнінен қиындықтар бірден пайда болды. Бір шет тілін меңгерудің аздық ететінін түсініп, неміс тіліне қызыға бастадым, 12-сыныпта IELTS емтиханынан 8.0 балл алып, қатарынан бірнеше университетке, соның ішінде Экономика жоғары мектебіне грантқа шақырту алдым. Мен Германиядағы Рейн-Вааль қолданбалы ғылымдар университетін таңдадым, Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Клеве қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта биоинженерия саласында оқимын, қазақстандық ғылымда, соның ішінде фармацевтикада өзімнің қолтаңбамды қалдыруды армандаймын. Бос уақытымда шығармашылықпен айналысып, ағылшын тілінде өлеңдер жазамын, екі кітап шығарып та үлгердім. Ауылымдағы мектепте оқып жүрген кезде шетелде білім алып, бірнеше тілді жетік меңгеремін деген ой мүлде болмаған. NIS маған үлкен мүмкіндіктер сыйлады, Зияткерлік мектепке түскеннен кейін өзіме деген сенімім артып, біздің басты қағидаттарымызға айналған «отан алдындағы жауапкершілік», «академиялық адалдық», «қоғамға қызмет ету» ұғымдарын бойыма сіңірдім.

Аминаның жетістігі – жарқын, иланымды, есте қаларлық және ... барлық NIS түлектеріне тән. Назарбаев Зияткерлік мектептері өз оқушыларына бірегей үміт пен мүмкіндік берді.  Кездесу қатысушылары Германиядағы биохимия, цифрлық технология, машина жасау, инженерия, логистика және экология салаларында мамандандырылған үздік университеттерде білім алуда.