
Бүгін, 2023 жылғы 1 ақпанда облыстың білім басқармасы ШҚО бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментімен және ШҚО бойынша "Өрлеу" педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының филиалымен білім сапасын жақсарту бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Аталған меморандумға ҚР Білім Министрі Г.Б. Бейсембаевтың тапсырмасын орындау аясында қол қойылды.
Меморандум білім беру сапасын арттыру саласында әріптестік қатынастар орнатуды және тиімді ынтымақтастықты дамытуды көздейді.