
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қауымдастықтың жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысын өткізді.
Қауымдастық отырысының мақсаты – сабақты зерттеуді ұйымдастыру әдістері, Lesson Study әдісінен күтілетін нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу, ой бөлісу.
Бастауыш мұғалімдер қауымдастығының жетекшісі «Облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры Тинькова Светлана Юрьевна 2022-2023 оқу жылының I жарты жылдық жұмысына есеп берді.
Отырыс аясында Жағықпанова Майра Даукеновна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Lesson Study тәсілі - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыратын тәсіл» тақырыбы аясында теориялық және практикалық әрекеттерін көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс барысында қатысушылар мен спикерлер арасында кері байланыс орнатылып, ұсынылған тақырыптар бойынша рефлексия жасалды. Қатысушылар қажетті материалдар, тиімді әдіс-тәсілдер, құнды ақпараттармен қаруланғандарын айтты. Отырыс барысында көзделген мақсаттар орындалды.
Отырыс соңында бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығына жаңа жетекші «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» оқу ісінің меңгерушісі Жағықпанова Майра Даукеновна сайланды.
Жауапты – мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш кабинетінің меңгерушісі Д.А. Какетаева.