
27-28 қаңтар күндері ММ «ШҚО білім басқармасы», КМҚК «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды дебат клубы ұйымдастыруымен Бұхар жыраудың туғанына 355 жылдығына және «Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70-жылдығына» арналған облыстық колледж аралық «Ата-баба жолы, ел бірлігі» атты пікір - сайыс турнирі өткізілді.
Іріктелген 16 команда, Шығыс Қазақстан облысы колледж студенттері Өскемен жоғары политехникалық колледжінде бақ сынасты.
Қатысушылар өз ұстанымын қорғай отырып, оппоненттерге жақсы қарсы тұрып, өзекті мәселелерді шешудің стандартты емес жолдарын ұсынды.
Қазылар алқасы алдында әділ шешім шығару міндеті тұрды. Жастардың сөз сөйлеулері дәлелдеме, жауаптардың толықтығы, сөйлеудің логикасы, пікірталас мәдениеті және т.б. сияқты критерийлер бойынша бағаланды.
Турнир қорытындысы бойынша:
«А» лигасында:
1-орын Дебатизм фракциясы Төлеген Ерке Өскемен жоғары медециналық колледжі мен Ұланқадырова Аружан Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
2-орын Миллион фракциясы Қыдырмоллаева Амина мен Шәріпханова Ақбота Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
3-орын Элита фракциясы Сарсембаева Аружан мен Құдайбергенова Аяжан Өскемен жоғары медециналық колледжі;
«В» лигасыда:
1-орын Ине фракциясы Бекішева Айым мен Камбетай Ақмарал Өскемен қаласы Экономика және қаржы колледжі;
2-орын Көкжал фракциясы Қазезов Данияр мен Тоқты Талғар Өскемен көпсалалы технология колледжі;
3-орын Жалын фракциясы Кеңесова Ақтолқын мен Габдуллин Қанат Өскемен көпсалалы технология колледжі;
«А»лигасында: “Үздік спикер” - Қыдырмоллаева Амина Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
«Үздік делегация» номинациясы - Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі;
«Үздік клуб» - ҚАЕУ жоғары колледжінің дебат клубы;
«Бас төреші»- Еміл Әли;
«Үздік төреші» - Сарсенбаев Жігер ҚАЕУ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар мен дипломдар, кубоктар табысталды. Жүлдегерлерге Республикалық турнирға жолдама берілді.