
2023 жылдың 27 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Орта білім беретін үздік ұйым – 2022» облыстық байқауының жеңімпазы ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ озық тәжірибесін тарату мақсатында «Табысты білім беру ортасын құрудағы инновациялық технологиялардың рөлі» атты онлайн-семинар өткізді.
Аталған іс-шараға 80 аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.
Онлайн – семинардың басында мектеп директоры Бытыкова Э.Б., директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Лопатина О.В. «Представление работы школы в цифрах» тақырыбында баяндап, ал практикалық бөлімінде Чудиновская М.А., Мыспаева Г.С., Адлер А.А. «Путь к вершинам успеха», Бородина М.Г., Мухина Ю.М. «Подмостки на пути к успеху», Сивцева А.К., Щипкова Н.А., Андраханова Т.Ю., Степаненко Т.А., Седаш И.Н. «На пути к мастерству», Осадчая Н.Г., Терехович И.Ю., Фазылова М.П., Джумадилова Л.В. «На пути к результату», Саинова А.М., Добровольская Е.Н., Щукина О.В. «Ступень к сотрудничеству», Казиева Ш.Д., Ковалёва З.В. «Лаборатория талантов» атты 6 бағыт бойынша секцияларда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.
Семинар модераторы – Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі.