«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!» интерактивті сабағын өткізу туралы

«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!»  интерактивті сабағын өткізу туралы

ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2023 жылдың 31 қаңтарында сағат 13.00-де Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың  130 жылдығына орай және Панфилов дивизиясының батырларына арналған тарихи есте сақтау «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!» сабағын цифрлық форматта өткізуді жоспарлайды. Іс-шараға облыс мектептерінің 9 сынып оқушылары, ШҚО мен Қазақстан Республикасының іздеу-еріктілер отрядтарының басшылыры және Қазан каласы ҚФУ IT-лицейінің оқушылары қатысады.

Бұл іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша ақпараттық өрісті кеңейту және оқушылардың патриоттық сезімін, азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.