«Ауыл мектебі» жобасы аясында білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер» облыстық семинар-практикумы

«Ауыл мектебі» жобасы аясында білім беру идеясын жүзеге асыру:  мәселелер, ізденістер, шешімдер»  облыстық семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24 қаңтарында ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ базасында ауыл мектептерінің пән мұғалімдері үшін «Ауыл мектебі» жобасы аясында білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер» облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты - қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, «Ауыл мектебі» жобасы аясындағы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ тәжірибесімен алмасу және тарату.

Семинарға, «Білім саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорының жоба менеджері Қайсарбеков С.Б., Педагогикалық шеберлік орталығының, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  өкілдері және Глубокое, Зайсан, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларының ауыл  мектептерінен пән мұғалімдері  қатысты.

Практикалық семинардың бағдарламасы бойынша 11 ашық сабақ (математика, геометрия,  физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, бастауыш сынып, кіріктірілген сабақтар: математика және химия, тарих және көркем еңбек), 13 шебер сынып пен коучингтер өткізіліп,  33 жоба ұсынылды.    

Семинар-практикум барысында «Нетворкинг «Мектеп дамуындағы «Ауыл мектебі» жобасының үлесі», «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері», «Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары», «Волейбол үйірмесінің жаттығу үрдістері», «Баскетбол. Streetball», «Сабақта заманауи әдістерді тиімді қолдану», «Practical use of the most efficient online/offline resources», «Оқуға құштар мектеп», «Тұрақты даму үшін білім беру», «Мектепте білім берудің әлемдік тренді, ұжымдық процестермен оқыту әдістері», «Бастауыш сыныптарда логикалық есептерді шешу жолдары», «Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» тақырыптарында шебер сыныптар мен коучингтер ұйымдастырылды.

 «Жобалар шеруі» форматында оқушылардың кәсіптік бағдары мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту бағытындағы жұмыстарын көрсетіп, заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинет мүмкіндіктерін пайдаланумен оқушылардың білім, білік дағдыларын арттырудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Intellect battle», «Оқуға құштар мектеп», «Жас қаламгер», «Қазақтың – ұлттық қазынасы», «Қас қағым сәт», «Химия әсемдік саласында», «Жас археологиялық мектебі», «Тарих қазыналары», «ШҚО киелі жерлері», «Abai – the greatest», «All about the USA», «Кітап-Time», «Түстер «Colors», «Сказка в мире театра» тақырыптарында алмасты. 

Семинар «Қазақтың 100 әні»  жобасында топтық ән жарысымен аяқталды.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің әдіскері Бошаева Г.М.