Қысқы Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы Гимназиадасының қорытындысы

Қысқы Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы  мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы Гимназиадасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында
2023 жылдың 21-23 қаңтары аралығында Өскемен қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ШҚО мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы гимназиадасы өтті.

Облыстық жарыстарға 2005 жылы туған және одан кіші 73 оқушы - мектепішілік және қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Жарыс пневматикалық мылтық ату, күштік гимнастика және шаңғы жарысы сайысы бойынша өткізілді.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болғандар:

Қыздар:

1 орын – Күршім ауданының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

3 орын – Глубокое ауданының құрама командасы.

Ұлдар:

1 орын – Күршім ауданының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

3 орын – Глубокое ауданының құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!