
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп облыстық дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19-20 қаңтарда жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық жарыстар өткізді.
Мақсаты - колледж студенттерінің арасында спорт түрлерін дамыту және танымал ету, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа барлығы 11 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі ;
2 орын – Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі;
3 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі.
Құттықтаймыз!!!