
2023 жылдың 19 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – оқу мотивациясы төмен оқушылардың оқу бағдарламаларын табысты меңгеруі үшін педагогикалық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу, әдістемелік көмек беру
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ге жуық пән мұғалімдері қатысты.
Онлайн-семинарда:
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Радченко Анна Анатольевна «Работа со слабоуспевающими детьми на уроках истории»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 42 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Шаяхметова Дина Бейбитовна «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жаңа тақырыпты игеру кезіндегі жұмыстың әдістері»;
ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №6 орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Колмакова Наталья Петровна «Организация работы с учащимися с низкой учебной мотивацией на уроках истории»;
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№5 Күршім орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Тоқтарқанов Данияр Берікұлы «Сабақта үлгерімі төмен оқушылардың қызығушылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдер тиімділігі»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 23 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бейсембинова Дана Даниашевна «Эффективные формы и методы работы с низкомотивированными учащимися при подготовке к СОРам» тақырыптарында оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты жандандыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды.
Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Абраимова Б.К.