
Орыс тілін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларға білім беріп қана қоймай, сонымен қатар пәнге деген қызығушылықты ояту, сөйлеуді жетілдіруге деген ұмтылысты дамыту.
Әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2023 жылдың 18 қаңтарында «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту үдерісіндегі заманауи технологиялар» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне орыс тілінде облыстық коуч өткізді.
Іс-шара барысында спикерлер:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№36 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Климентьева Ольга Андреевна «Возможности сервиса Canva при планировании современного урока»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№29 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гудименко Юлия Николаевна «Инструменты для интерактивного взаимодействия педагога на уроках русского языка и литературы»;
ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Манцурова Татьяна Викторовна «Развитие навыков продуктивного чтения средствами графических органайзеров»;
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «Предгорненская орта мектеп-балабақша кешені» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кадирова Зульфия Гильмановна «Развитие читательской грамотности на уроках русского языка и литературы с использованием современных стратегий» тақырыптарында мұғалім мен оқушылардың оқу процесінде өзара іс-әрекеттері барысында интербелсенді құралдарды пайдалану, заманауи сабақты жоспарлау кезінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және білім сапасын арттыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыс кезінде іс-шараға қатысушы педагогтер коучтың өзектілігін атап өтіп, спикерлерге алғыстарын білдірді.
Модератор – Кантаева А.Ж., «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі.