Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында роботтар фестивалі өтуде

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында роботтар фестивалі өтуде

2023 жылдың 10-12 қаңтары аралығында Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында Роботтар Фестивалі өтуде.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының бірлесуімен Алматы облысының Қаскелең қаласында Сулейман Демирель университетінің базасында өткізілуде.

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылар командасы фестивальге облыс атынан қатысып жатыр.

Қатысушыларға табыс пен жеңістер тілейміз!