«Информатика пәні мұғалімдеріне арналған Phyton тілінде бағдарламалау» (цифрландыру шеңберінде) семинар-тренинг

«Информатика пәні мұғалімдеріне арналған Phyton тілінде бағдарламалау»  (цифрландыру шеңберінде)  семинар-тренинг

Технология жер шарын едәуір «азайтып», қашықтық пен уақытқа байланысты кедергілерді жойып, қоғамның динамикасы мен биліктің табиғатын өзгерткен ақпараттық ғасырда экономикаға әсер етіп, өндірісті өзгертті, мүмкіндіктерге толы жаңа әлемді ашты.

Жылдық іс-шаралар жоспары аясында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 4-6 қаңтар аралығында «Информатика пәні мұғалімдеріне арналған Phyton тілінде бағдарламалау (цифрландыру шеңберінде)» семинар-тренингін өткізді.

«Phyton-да бағдарламалау» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының авторы Шаниев Ержан өткізген практикалық семинар мұғалімдерге оқу процесін ұйымдастырудың озық әдістерін енгізуге мүмкіндік берді. Python бағдарламалау тілін контекстеуде информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталды.

Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімдер бағдарламалаудың негізгі принциптерін меңгеру, әртүрлі кітапханаларды игеру, Python-да математикалық есептерді шешу, өмірдің әртүрлі салаларында бағдарламалауды қолдану дағдыларын жетілдірді.

Семинардың қолданбалы бағыты интерактивті сабақтарды құрастыру және өткізу үшін жаңа технологияларды қолданудан тұрды.

Мұғалімдер идеялармен алмасты, жаңа кәсіби және достық байланыстар орнатты, бағдарламалаудағы ой-өрістерін кеңейтті.

Семинар-тренинг облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100 информатика пәні мұғалімдерін қамти отырып, Өскемен қаласындағы  «Жас техниктер станциясы» КМҚК базасында өтті.

Семинар-тренингтің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Жауапты-Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім  сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері.