
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 6 қаңтарда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында кәсіби бағдар беруші педгогтер үшін «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» облыстық семинарын өткізді.
Семинар мақсаты – облыс мектептеріндегі кәсіптік бағдар беруші педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар басында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Абетаева Гульнара Зекеновна семинардың мақсаты және барысымен таныстырып, сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында:
Кездикбаева Лаззат Токтарбековна, ШҚО ББ «Кәсіптік білім беру орталығы» КММ директордың міндетін атқарушы «Ранняя профориентация: залог успешного трудоустройства молодежи»;
Раисова Арайлым Мурзабековна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы басшысының міндетін атқарушы «Возрастные особенности организации профориентационной работы»;
Жакашев Ринат Макенович, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары «Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңызы»;
Сейльжанов Бакытжан Султанулы, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші педагогі «Кәсіптік бейімделу мектеп қабырғасынан бастау алады: оның 5 алғышарты»;
Укиртаева Гаухар Амиргалиевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ кәсіптік бағдар беруші педагогі «Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының инновациялық әдістері» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға офлайн форматында 40 және ZOOM платформасы арқылы 100 кәсіби бағдар беруші педагог қатысты.
Кері байланыс барысында толғандырған сұрақтарға жауап берілді, қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтті, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді, кәсіптік бағдар беруші педагогтердің біліктілігін арттыру және оларды әдістемелік сүйемелдеу қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Задаев О.Т.