
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул мектебі жоспары аясында қауымдастықтың жоспарына сәйкес 2023 жылдың 6 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысын өткізді.
Қауымдастық отырысының мақсаты – сабақты зерттеуді ұйымдастыру әдістері, Lesson Study әдісінен күтілетін нәтижелер, ғылыми жоба, ғылыми мақала жазу жолдарын ұсыну, тәжірибе алмасу, ой бөлісу.
Қауымдастық отырысында Ислямова Салтанат Аскаровна, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер «Сабақты зерттеуді ұйымдастыру арқылы мектептің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру»; Жанахметова Толқын Амангельдиновна, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жеңімпазы «Үздік педагог» сайысы ережелерінің өзгерісі мен ерекшеліктері»; Муратова Еркежан Кумаркановна, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған Шығыс Қазақстан облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастықтың жетекшісі «9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау», Абежанова Бигуль Маташовна, ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Зерттеу жұмыстарын (ғылыми жоба, ғылыми мақала) жүргізу жолдары» тақырыптары аясында теориялық және практикалық әрекеттерін көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс соңында қатысушылар мен спикерлер арасында кері байланыс орнатылып, ұсынылған тақырыптар бойынша рефлексия жасалды. Қатысушылар қажетті материалдар, тиімді әдіс-тәсілдер, құнды ақпараттармен қаруланғандықтарын айтты. Отырыс барысында көзделген мақсаттар орындалды.
Қауымдастық отырысына 100 педагог қатысты.
Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Билялова