«Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасы

«Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасы

2023 жылдың 6 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул мектебінің іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих, қазақ тілі және әдебиеті (Т1,Т2), география және музыка пәндері мұғалімдері үшін «Үздік өлкетану сабағы-2022» облыстық байқауы аясында «Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасын өткізді.

Онлайн-панорамада облыстық байқаудың жеңімпаздары:

Кудайбергенов Даурен Абусагитович, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі  «Менің мектебімнің тарихы» ;

 Горбаткина Ольга Николаевна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ география пәні мұғалімі «Флора и фауна родного края»;

Шаріпханова Жансая Шаріпханқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Шығыс Қазақстан облысының қасиетті орындары»;

Кокен Жанболат, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкбастау орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі «Туристік маршруттар»;

Мадиева Бакытгуль Советхановна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Тарбағатай тауы»;

Березовикова Ира Даминовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Топонимы – свидетели времен минувших»;

Тулегенова Гульжан Тулегенқызы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ  тарих пәні мұғалімі «Топонимдер өткен заманның куәгерлері»;

Кабдрахманова Бакытгуль, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қол өнері»;

Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі «Менің мектебімнің тарихы»;

Антропова Галина Владимировна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицей»  КММ музыка пәні мұғалімі  «Музыка и поэзия. Песни о родной школе»;;

Медынина Татьяна Николаевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 11 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Краеведческий музей и исторические памятники»;

Омарова Наталья Александровна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ музыка пәні мұғалімі  «Таланты родной земли»;

тақырыбындағы сабақтары бойынша өлкетануды оқытуда аймақтық компонентті пайдаланудағы тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Онлайн-панорама соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам пән мұғалімдері қатысты

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Абраимова Б.К.