«Ата-аналар мен педагогтардің тиімді қарым-қатынасы және өзара іс-қимылы» облыстық семинар-практикумы

«Ата-аналар мен педагогтардің тиімді қарым-қатынасы  және өзара іс-қимылы»  облыстық семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы демалыс мектебінің іс-шаралар жоспары аясында 2023 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№36 орта мектебі» КММ базасында областағы білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтері үшін «Ата-аналар мен педагогтардің тиімді қарым-қатынасы және өзара іс-қимылы» семинар-практикумын өткізді.  

Семинар-практикум барысында:

Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологі Нурхатова Гульжаз Аргынбековна «Ата-аналармен қарым-қатынас орнату және қарым-қатынас дағдыларын нығайту» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, кеңес берді;

Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологі Челнокова Анар Алтаевна мен әлеуметтік педагогі Малонух Анна Петровна «Укрепление навыков общения и выстраивание коммуникаций с родителями» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кеңес өткізді.

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізілген семинар-практикумның өзектілігін атап өтті.

Аталған іс-шараға 40-тан аса педагог қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.  

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.