«XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» облыстық семинары

«XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» облыстық семинары

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.

2023 жылғы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы № 17 орта мектеп» КММ базасында «Арман ПВ» баспасымен бірлесіп «XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» тақырыбында облыстың педагогтеріне семинар өткізді.

Семинар барысында «Арман ПВ» баспасының  бас редакторы Бекболатова Айгуль Нурмукашевна, жетекші редакторы Бактыгалиева Айсулу Умбеткалиевна, директордың орынбасары Караева Кымбат Амантурлиевна, 2 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығы мен оқу-әдістемелеік кешенінің авторлары Копеева Гулдана Амангелдыкызы, Юсупова Айнагуль  Галымжанкызы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Информатика», «Физика», «Русский язык»  оқу-әдістемелік кешендерімен және 2022–2023 оқу жылында шыққан  5–11- сыныптарына арналған «Абайтану» оқулығы және мұғалімге арналған нұсқаулығы, 2 сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық», «Цифровая грамотность», «Русский язык», «Литературное чтение», «Жаратылыстану» оқулықтары, сонымен қатар баспаның EKITAP.KZ электронды платформасымен таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар таныстырылым жүргізілген оқулықтар, оқу кешендер бойынша толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды. EKITAP.KZ электронды платформасының тиімділігін атап өтіп, баспа өкілдеріне алғыстарын білдірді.

«Арман ПВ» баспасының өкілдері мектеп кітапханасына бірқатар оқулықтар мен оқу кешендерін сыйға тартты.

Модератор – Кантаева Айзада Жумакановна, «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі.