Мектеп кітапханашыларының облыстық қауымдастығы отырысы

Мектеп кітапханашыларының облыстық қауымдастығы отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5 қаңтарында онлайн режимде мектеп кітапханашыларының облыстық қауымдастығы отырысы өткізілді.

Отырыстың мақсаты - облыстың модернизацияланған мектеп кітапханаларының жұмыс тәжірибесін тарату арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.

Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтардың төрағалары, облыстық қауымдастық мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің кітапханашылары қатысты..

Отырыс барысында: ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Серебрянка қаласының М. В. Инюшин атындағы №1 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Перелыгина Светлана Ивановна «Модернизация школьной библиотеки в рамках реализации проекта «Читающая школа»;

ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Казицкая Оксана Филипповна «Модернизация школьных библиотек города Риддера»;

ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі Шевченко Елена Николаевна «Модернизация в школьных библиотек Шемонаихинского района»;

ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектеп» КММ кітапханашысы Ерланова Сабина Ерлановна «Кітапханадағы модернизациялау жұмыстары» тақырыптарында баяндама жасап, тәжірбиелерімен бөлісті.

Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды.

Модератор – тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Нурмухамедова Эльста Алибековна.