
2023 жылы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул мектебі жоспарын іске асыру аясында «Музыка сабағында шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау белсенділігін арттыру тәсілі» облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – музыка сабағында әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау белсенділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Онлайн - семинарға аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Шара барысында:
Ділдақан Сәбила, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ музыка пәні мұғалімі, «Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу»;
Тукпиева Ансаған Ибраевна, Тарбағатай ауданы бойыншы білім бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі, «Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы байқаулардың рөлі» тақырыптары бойынша ақпараттық технологиямен инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының тұлғалық ерекшелігіне байланысты шығармашылық тапсырмаларды дайындау ерекшелігі бойынша іс-тәжірибелерін көрсетті.
Семинардың қорытынды бөлімінде ұйымдастырылған кері байланыс арқылы қатысушылар пікірлерімен бөлісті, семинардың маңыздылығын атап өтті.
Модератор: Кемельбаева Шынар Увалиолдановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің АӘжТД, дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек пәні бойынша әдіскері.